русский язык
Футбол

«Қайсар» қонақта «Атырауды» тізе бүктірді

«Қайсар» қонақта «Атырауды» тізе бүктірді

Қатарынан алты ойын бойы жеңіске жете алмай келе жатқан қызылордалық «Қайсар» алғашқы алтылықтың ең соңғы орнына сырғыды. 20-турда «қасқырларды» осы алтылыққа енудегі басты қарсыласының бірі күтіп тұрды. Сондықтан қызылордалықтарға шегінерге жол болмады, ал олар қазіргі позициясынан айырылмас үшін барын салды.

Тоблодағы нөлдік есеп көп тұрмады - 8-минутта «Қайсардың» эстониялық шабуылшысы Римо Хунт оң қанаттан асырылған пасты сәтті түйіндеді. Қызылордалықтар басымдығын бірінші таймның соңына дейін ұстап тұр, атыраулықтар үзіліске кетпес бұрын таразы басын теңестірді. Стандарттық шабуылдан кейін доп қонақтардың қолына тиді. Пенальтиді Милош Трифунович мүлтіксіз орындады.

Екінші таймда тек «Қайсар» ойыншылары гол соқты. 69-минутта қонақтар айып добын орындауға мүмкіндік алды. Алаң иелері қауіптің бетін қайтарып тастағандай көрінген еді, алайда қонақтардың екінші деммен жасаған шабуылына тосқауыл бола алмады. Доп айып алаңында тұрған Сергей Струковке келді, ол бірден Мамуту Кулибалиге асырды, соңғысы қонақтарды тағы да алға шығарды. Ойын бітер тұста Римо Хунт Андрей Карповичтен допты тартып алып, ақырында ойынның нүктесін қойды.

 

«Атырау» (Атырау) – «Қайсар» (Қызылорда) 1:3 (1:1)

Голдар: 0:1 – Хунт (8), 1:1 – Трифунович (45, пенальтиден), 1:2 – Кулибали (69), 1:3 – Хунт (89)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;