«Шахтер» өз алаңында «Қайратты» қапы қалдырды
![«Шахтер» өз алаңында «Қайратты» қапы қалдырды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1405255519_937359202.jpg?v=28695809)
Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында жарыс көшбасшысы алматылық «Қайратты» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
22-ші минутта кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдын авторы Михрет Топчагич. Ұлан Қонысбаевтың оң қапталмен ұмтылыс жасап барып, қақпа маңына асырған пасын Михрет сәті пайдаланып кетті. Ал қалған қос таймда қарсыластар бір-бірінің қақпасының кілтін таба алмады.
Осылайша «Шахтер» маңызды ойында үш ұпай қанжығалап, үшінші сатыға көтерілді. Ал «Қайрат» болса кезекті ұпайдан айырылып, турнир кестесінде көшбасшылық орнын жоғалтып алды.
Қазақстан Чемпионаты. 20-шы тур.
«Шахтер» - «Қайрат» - 1:0 (1:0)
Гол: Топчагич 21
Төреші: Игорь Алешин
«Қайрат»: Хомич, Кислицын, Михалик, Гурман, Плиев, Смақов, Бақаев, Байтана, Исаэл, Л. Риера, Кнежевич
«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Масло, Малый, Киров, Финонченко, Вичюс, Покривач, Мұртазаев, Топчагич, Қонысбаев