русский язык

Платини: «2018 жылғы әлем чемпионаты керемет өтетініне сенімдімін»

Платини: «2018 жылғы әлем чемпионаты керемет өтетініне сенімдімін»

УЕФА президенті Мишель Платини Ресей 2018 жылғы әлем чемпионатын керемет өткізетініне сенімді.

«Әрине, мен бәрі жақсы өтетініне сенімдімін. Сын айтатындар қай кезде де табылады, бұл үшін қазір дәл уақыты. Сочида өткен Олимпиадаға қарсы қанша сын айтылғанын естеріңізге түсіріңіздерші, бірақ бәрі жақсы өтті ғой. Әлем чемпионатына дейін талай уақыт бар, Ресей оны керемет өткізетініне кәміл сенемін. Ұйымдастырушы комитетте жұмыс жасайтындарды жақсы білемін. Мені ештеңе алаңдатпайды», - деді Платини.

Ресейдегі әлем чемпионаты 2018 жылы 8 маусым мен 8 шілде арасында өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;