русский язык

Ақталмаған үміт. Голландия – қола жүлдегер, Бразилия – төртінші орынды қанағат тұтты

Ақталмаған үміт. Голландия – қола жүлдегер, Бразилия – төртінші орынды қанағат тұтты

Әлемді бір ай бойы теледидар алдына телмірткен ала доп додасының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Бүгін ақтық кезеңге бір қадам жетпей тоқтаған қос құраманың айқасын көреміз. Жартылай финалда масқара болып жеңілген Бразилия құрамасы жанүйерлер алдындағы кінәсін жуып шаюға тырысса, Голландия құрамасы Аргентинаға қарсы өткен сәтсіз ойынды ұмытып, жүлдеге қол созып қалғысы келді. Әлем бірінішілігінің кіші финалы деген аты бар бұл кездесудің қос құрамаға да өте маңызды.

Кездесу басталысымен алаң иелері өрескел қателік жіберді. Бразилия құрамасының капитаны Тиаго Силва Роббенге қарсы айып алаңында ереже бұзып, командасына 11 метрлік айып добын алып берді. Нүктеге келген Ван Перси Жулио Сезар торуылдаған қақпадан саңылау тапты. 1-ші минут бірінші гол. Бразилия құрамасы күтпеген жерден гол жіберіп алды, енді намысқа тырысатыны анық еді. Әрине, пентакампеондар енді жеңілсе бүкіл Бразилия елі кешірмесі анық. Сондықтан соңғы дем шыққанша шабуылға аттанды бразилиялықтар. Осылайша тай тұяғы қалмай алға ұмтылған Сколари шәкірттерінің қорғаныстағы екінші қателігін голландиялықтар пайдаланып кетті. Давид Луиздың баспен қақпа маңынан сәтсіз шығарған добын Блинд өз  иелігіне бағындырып барып, бос қақпаға бағыттай салды. Сонымен есеп Нидерланд құрамасының пайдасына 2:0. Бразилия құрамасының алғашқы соққысын Оскар бағыттады. Оның қақпаны дәлдеген добын Силлессен оңай қақшып алды. Қақпа торында тулаған қос доптан кейін Бразилия құрамасының ойыншылары есеңгіреп қалғандай. Бірінші таймның ортасында Силлессеннің зәресін қашырды. Оскардың әуелетіп көтерген добын Густаво қақпа маңына асырғанда Луиз аяғының ұшымен ғана тиіп, бос қақпаға бағыттай алмады. Қарымта шабуылға шыққан Голландиялықтар соққы аяқтады. Ван Перси допты жерге түсірмей жойқын соққы жасағанымен Сезар өз орынан табылды. Бірінші таймда бұдан кейін соғылған гол болған жоқ.

 

 

Екінші тайм әдеттегідей басталды. Бразилия ойын басымдығын бірден өз қолына алды, ал Голландия құрамасы қарымта шабуылдарға иек артып отырды. Рамирес алаң ортасынан сытылып барып, алдында тұрған үш қорғаушыны қапы қалдырып барып жойқын соққы жасағанымен, доп қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті. Давид Луиздің орындаған айып соққысы қауіпті шықты. Қақпаның «тоғыздығына» бағытталған допты Силлессен сәтті қайтарды. Сколари шәкірттері не істесе де шабуылы жүрмей-ақ қойды. Бас бапкер жасыл алаңға тыңнан шабуылға серпім береді деп Халкті қосты. Алайда оның да көмегі шамалы-ақ. Соңғы минуттар жылжып жатты. Бразилия құрамасы көзінен қола жүлде ұшып жатты. Қарымта шабуыл жасаған Голландиялықтар есепті іріге дейін жеткізді. Янмаат оң қапталдан ұмтылыс жасады. Адындағы бір қорғаушыны алдап, қақпа маңына пас асырды. Допқа бірінші болып жеткен Вейналдум тек аяғын тосып, қақапға бағыттай салды. Осылайша Бразилия құрамасы кезекті мәрте ойсырата жеңіліп, кезекті жүлдеден қағылды.

 

 

Әлем чемпионаты. Үшінші орынға талас

Бразилия – Голландия - 0:3 (0:2)

Голдар: ван Перси 2 , Блинд 17, Вейналдум 91

13 шілде 2014 жыл. Бразилиа. Минерао стадионы

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;