русский язык
Футбол

Луис Суарес жасыл алаңға қазанның соңында шығады

Луис Суарес жасыл алаңға қазанның соңында шығады
Футболдан төрт айға шеттетілген Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес «Барселона» сапындағы алғашқы матчын өткізетін күні белгілі болды.
 
Жуырда ғана «Ливерпульдан» каталондық клубқа ауысқан Луис Суарес 25-ші қазан күні «Барселона» сапындағы бірінші матчын өткізеді. Испания чемпионаты 24 тамыз күні басталады. Осылайша, уругвайлық шабуылшы Ла Лигада екі ай және Чемпиондар Лигасының топтық кезеңнің алғашқы үш ойынына қатыспайды.  
 
Естеріңізге сала кетсек, Суарес әлем чемпионатында Италия құрамасының қорғаушысы Джордж Кьеллинидің иығын тістегені үшін футболдан төрт айға шеттетілген болатын. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;