русский язык

Неймар: «Мен 1:7 есебімен жеңілген команданың бір бөлігі болғаныма ұялмаймын»

Неймар: «Мен 1:7 есебімен жеңілген команданың бір бөлігі болғаныма ұялмаймын»

Футболдан Бразилия құрамасының ойыншысы Неймар Германияға қарсы өткен ойын туралы пікірімен бөлісті. Сол кездесуге Неймар жарақатына байланысты қатыса алмаған еді.

«Командадағы достарыммен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Әрине, өткен ойын көңілге қаяу түсірді. Германия құрамасына қарсы кездесуде командаға не болғанын білмеймін. Бірақ ойын соңында сөйлеу оңай, бірақ алаңда жүргенде өте қиын. Мен 1:7 есебімен жеңілген команданың бір бөлігі болғаныма ұялмаймын. Тиаго Силва, Фред және басқа да ойыншылармен бірге ойнағанымды мақтан тұтамын», - деді Неймар.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалында Бразилия құрамасы Германияға 7:1 есебімен жол берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;