русский язык

Тьяго Силва: «Бес жұлдызды жейдеміз үшін ойнаймыз»

Тьяго Силва: «Бес жұлдызды жейдеміз үшін ойнаймыз»

Бразилия құрамасының қорғаушысы Тьяго Силва төрт жыл бұрын өткен мундиальда Голландияға жол бергенін әлі ұмытпағанын айтып, 12 шілдеде оны қайталамауға сөз берді.

«Біз бірінші орын үшін таласып жатқан жоқпыз, намыс пен абырой үшін күресеміз. Бес жұлдызды жейде үшін. Голландия бізді 2010 жылы әлем біріншілігінде ұтқан құрамда ойнайды. Бұл жолы ойыннан кейін алаңнан өкінішпен кеткім келмейді.

Біз кінәні бөліп алуымыз қажет. Алаңда бапкер емес, біз ойнадық. Тіпті, мен ойнамасам да. Өкінішке қарай, мұндай 100 жылда бір болып тұрады», - деді Силва.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;