русский язык
Футбол

Давид Луиз Бразилияның кішкентай жанкүйерінің хатын жариялады

Давид Луиз Бразилияның кішкентай жанкүйерінің хатын жариялады

Давид Луиз Instagram әлеуметтік желісінде Бразилия құрамасына қолдау көрсеткен кішкентай қыздың хатын жариялады. 

«Сәлем, Давид Луиз». Менің есімім - Ана Луж.

Мен әлем чемпионатындағы барлық кездесуді тамашаладым және сенің қалай ойнайтының маған қатты ұнады.

Менің ойымша, сен өзің ойнай алатыннан да жақсырақ ойнадың, сондықтан көңіліңді түсірме. Сен капитан болуға нағыз лайықтысың.

Өмір деген осындай: бірде - ұтасың, бірде - ұтыласың. Бізге тек керегі бақытты болу.

Давид Луиз, сен менің чемпионымсың», - деп жазыпты Бразилия құрамасының кішкентай жанкүйері.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;