русский язык

ӘЧ – 2014. Ең үздік ойыншы кім болады?

ӘЧ – 2014. Ең үздік ойыншы кім болады?

ФИФА 2014 жылғы әлем чемпионатының ең үздік футболшысына үміткер ойыншылар тізімін жария етті.

Тізімге Матс Хуммельс, Тони Кроос, Томас Мюллер, Филипп Лам (бәрі Германия құрамасы), Анхель Ди Мария, Хавьер Маскерано, Лионель Месси (бәрі Аргентина құрамасы), Арьен Роббен (Голландия құрамасы), Хамес Родригес (Колумбия құрамасы) мен Неймар (Бразилия құрамасы) кірді.

Әлем біріншілігінің ақтық кездесуіне дейін тілшілер мен ФИФА-ның мүшелері ең үздік ойыншыны дауыс беру арқылы анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;