русский язык
Футбол

Юрий Красножан: «Клубтардың негізгі топқа түсеміз деген мақсат қойғаны жақсы»

Юрий Красножан: «Клубтардың негізгі топқа түсеміз деген мақсат қойғаны жақсы»

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерңі  Юрий Красножан УЕФА Еуропа Лигасы аясында өткен «Шахтер» мен «Ширак» арасындағы кездесуді тамашалаған болатын. Матч соңында Юрий Анатольиұлы «PROСПОРТ» тілшісіне бірер ауыз сөзін айтты.

- «Шахтер» «Ширакті» оңай жеңген тәрізді…

- «Шахтер» ойыншылары «Ширак» футболшыларынан бір бас жоғары болды. «Шахтер» кездесу басында ойын басымдығын қарсыласына беріп қойды, сосын қарымта шабуылдарға жақсы шықты. Матч соңына дейін осылай бірнеше гол соқты. Бір жерден ғана қарағандылықтар қателік жіберді. Мұндай  ойында жоқ жерден сары қағаз алудың керегі жоқ еді. 

- «Шахтер» еурокубоктерде әдеттегідей үш қорғаушымен ойнайды. Ұлттық құрама да осындай ойын үлгісімен өнер көрсету мүмкін бе?

- Бәрі де мүмкін. Өздеріңіз байқасаңыздар, бұл үлгі қайта жандануда. Әрине сәл өзгерістері бар, бірақ негізі осы.

- Ендігіде біздің клубтарға азулы қарсыластар түседі.

- Иа, бұл кезеңде де кейбір командаларға қиын қарсыластар түсті. Басқаша Қазақстан футболын қалай дамытамыз? Әрине, мықты командаларға қарсы ойын өткізу арқылы. Клубтардың негізгі топқа түсеміз деген мақсат қойғаны жақсы.

- «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуінде тіркелген есеп сізді таңғалдырды ма?

- Меніңше мұны ешкім күткен жоқ. Тіпті «Қайраттың» өзі бұлай болады деп ойламаған-ды. Мұндай жағдай футболда орын алып тұрады. Бір команданың жолы болады, бірінің жолы болмайды дегендей.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;