русский язык

Уэсли Снейдер: «Ойын соңындағы пенальтиді жек көремін»

Уэсли Снейдер: «Ойын соңындағы пенальтиді жек көремін»

Голландия құрамасының жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер әлем чемпионатының жартылай финалындағы Аргентинаға қарсы кездесу туралы өз пікірін айтты.

«Қазір жағдайымыз ауыр. Финалға шығуға лайық болдық деп ойлаймын. Кездесудің тағдырын ертерек шешіп тастау керек еді. Пенальтиді тек бір ғана команда қалады, ол – Аргентина.

Бұл, шынымен де, ауыр. Бірақ бұл – футбол. Мен өзім үшін жауап беруім керек. Ойын соңындағы пенальтиді жек көремін», - деді Снейдер.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;