Бразилияның бас бапкері ауысуы мүмкін
![Бразилияның бас бапкері ауысуы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1404987895_453673051.jpg?v=28696279)
«Коринтианстың» бұрынғы бас бапкері Тите Бразилия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионатының жартылай финалында Германиядан 1:7 есебімен тас-талқан болып жеңілгеннен кейін «пентакампеондардың» бапкері Луис Фелипе Сколари осы қызметте қалар-қалмасын мундиаль біткен соң хабарлайтынын айтты.
Бұдан дейін Бразилия футбол федерациясының вице-президенті Делфим Пейшото команданың осылай жеңілгеніне Сколари кінәлі деп танып, оның жұмыстан босауы керектігін мәлімдеді.