русский язык

Сабелья: «Чемпион атану үшін барымызды саламыз»

Сабелья: «Чемпион атану үшін барымызды саламыз»

Алехандро Сабельяның пікірінше, Аргентина да, Голландия да финалға өтуге лайықты болды.

«Мен футболшылар үшін, Аргентина жұрты үшін қуаныштымын. Өз жанұяма, мені ұлттық құраманың бапкері қылған футбол федерациясына алғыс айтамын. Біз финалға дейін жеттік. Алдымыздағы финалда Германияға қарағанда бір күн аз дайындаламыз. Бірақ біз әлем чемпионатын жеңім алу үшін барымызды саламыз», - деді Сабелья. – Бұл барлық жағынан алып қарағанда да тең ойын болды. Біздің гол соғатын мүмкіндіктеріміз голландиялықтарға қарағанда қауіптірек көрінді. Бірақ тең есеп – негізгі уақыт үшін әділетті нәтиже. Пенальтиде жеңіліп қалғанда да, осылай дер едім.»

Естеріңізге сала кетсек, Аргентина құрамасы мундиальдың жартылай финалында Голландия құрамасын тізе бүктіріп, ақтық сында немістермен жолығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;