русский язык

Арьен Роббен: «Аргентиналық команданың ешқандай мүмкіндігі жоқ»

Арьен Роббен: «Аргентиналық команданың ешқандай мүмкіндігі жоқ»

Голландия құрамасының жартылай қорғаушысы Арьен Роббен Бразилиядағы әлем чемпионатының финалында Германия жеңіске жетеді деп ойлайды.

«Коста-Рикаға» қарсы кездесуде пенальти сериясы жәй ғана лотерея емес екендігін дәлелдегенбіз. Біз жақсы ойнадық және жетістікке жеттік. Қазір сәл жолымыз болмады. Көңілім түссе де, өз командаммен мақтанамын. Ал әлем чемпионы Германия болатынына сенімдімін. Аргентиналық команданың ешқандай мүмкіндігі жоқ», - деді Роббен.

Естеріңізге сала кетсек, Голландия құрамасы мундиальдың жартылай финалында Аргентинаға пенальти сериясында жол берді. Енді олар бразилиялықтармен үшінші орынға таласады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;