Саркис Овсепян: «Ойыншылар өткен жеңіліс ұмытып, алдағы ойынға дайындалуда»
![Саркис Овсепян: «Ойыншылар өткен жеңіліс ұмытып, алдағы ойынға дайындалуда»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1404972177_807183511.jpg?v=28697257)
Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Астана» клубына қарсы өткізетін кездесу алдында «Пюниктің» бас бапкері Саркис Овсепян ойын туралы пікірмен бөлісті.
- Саркис Рубенов алдағы болатын кездесу туралы ойыңыз қандай?
- Ойын өте қиын болатынын түсінеміз. Қос команданы салыстырсақ, бізде жас ойыншыларға басымдық берілген, ал қарсыластарымыздың сапында мықты футболшылар жеткілікті. Бірақ соған қарамастан, олар жасыл алаңға шығып, бар өнерлерін көрсетуге тырысады.
- «Пюниктің» келесі айналымға шығуға мүмкіндігі аз. Ойын алдында командаға не айтасыз?
- Қарсылас біздің сыйлатындай ойын көрсетіңдер деп айтамын.
- «Астана» сапындағы ең қауіпті ойыншыны атап бере аласыз ба?
- 10-ші нөмерлі ойыншы (Фокси Кетевоама) мен орталық жартылай қорғаушы, тегі бразилиялық сияқты (Рохер Каньяс). Міне осылар ойынға кез келген сәтте өзгеріс алып келе алатын футболшылар.
- Командаңыз кілең жас футболшылардан жасақталған, өткен жеңілістен кейін қандай күйде болды?
- Спортшы әркезде жеңілісті қабылдай білу керек. Олар жеңілісті ойдан шығарып, келер матчқа тыңғылықты дайындалуда.