русский язык

Арманға жақындатқан күн. Аргентина Голландияны қапы қалдырды

Арманға жақындатқан күн. Аргентина Голландияны қапы қалдырды

Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуінде Голландия мен Аргентина құрамалары финал жолдамасын сарапқа салды. Тартысты өткен кездесуде Оңтүстік Америка елі жеңіске жетті.

Тартысты өрбіген матчтың негізгі уақытында қос құрама гол соға алмай, таблодағы есеп ашылмады. Қосымша қосылған жарты сағат та жеңісті жұлып, алға шығуға мүмкіндік бермеді. Сөйтіп финал жолдамасы кімге бұйыратынын анықтау үшін матч соңындағы пенальтиге жүгінді. Пенальти сериясында Аргентина құрамасының қақпашысы Ромеро Фларер мен Снейдердің соққыларын қайтарып, ерлік танытты. Нәтижесінде 4:2 есебімен аргентиналықтар басым түсті. 

 

 

Аргентина құрамасы 13 шілде күні Германия құрамасымен кездеседі. Әлем біріншілігінің жартылай финалының алғашқы матчында немістер алаң иелері бразилиялықтарды 7:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Финалдық кездесу Рио-де-Жанейродағы ​«Маракана»стадионында 13 шілде күні болады. Осы күні күндіз Нидерланды құрамасы бразилиялықтармен үшінші орынға таласады

 

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014. Жартылай финал

Голландия – Аргентина – 0:0 (0:0, 0:0, 0:0). Пенальти – 2:4.

Пенальти сериясы: Флар - 0:0. Месси - 0:1. Роббен - 1:1. Гарай - 1:2. Снейдер - 1:2. Агуэро - 1:3. Кюйт - 2:3. Родригес - 2:4.

Нидерланд: Силлессен, Де Фрай, Флар, Мартинс Инди (Янмат, 46), Кюйт, Де Йонг (Класи, 62), Вайналдум, Снейдер, Блинд, Роббен, Ван Перси (Хюнтелар, 96).

Аргентина: Ромеро, Сабалета, Демикелис, Гарай, Рохо, Маскерано, Перес (Паласио, 81), Билья, Игуаин (Агуэро, 82), Месси, Лавесси (Родригес, 101).

Ескерту алғандар: Мартинс Инди, 45. Демикелис, 49. Хюнтелар, 105.

Бас төрешіөреші: Жүнейт Чакыр (Түркия)

Қосалқы төрешілер: Бахаттин Дуран, Тарык Онгун (барлығы – Түркия).

10 шілде. Сан-Паулу. «Коринтианс» аренасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;