русский язык
Хоккей

Ресейдің атынан өнер көрсете алмайтын хоккейші – ҚХЛ-да легионер деп саналатын болады

Ресейдің атынан өнер көрсете алмайтын хоккейші – ҚХЛ-да легионер деп саналатын болады
Хоккейден Ресей құрамасының атынан өнер көрсете алмайтын хоккейшілер ендігіде ҚХЛ-да легионер деп саналады. Бұл туралы РХФ-ның атқарушы директоры Валерий Фесюк мәлімдеді.
 
«Алдағы маусымға нақты шешім қабылданды - бір маусымда тек бес легионер ойнай алады. Ресей құрамасының атынан ойнай алмайтын кез келген ойыншы біздің біріншілікте легионер деп саналатын болады. Тағы да РҚФ командадағы легионерлер санын қысқартпақ, 2018 жылға қарай бір клубта тек үш легионер ойнай алады» -деді Фесюк.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;