русский язык
Футбол

Жастар арасындағы «Еуро-2015» додасының жалауы Болгарияда желбірейді

Жастар арасындағы «Еуро-2015» додасының жалауы Болгарияда  желбірейді

Жастар арасындағы «Еуро-2015» додасының финалдық кезеңі Болгарияда өтеді, ал онда 16 құрама ойнайды, деп мәлімдейді футбол федерациясының ресми сайты.

Финалдық кезеңі Болгарияда өтетін жасөспірімдер арасындағы (U-17) «Еуро-2014/15» чемпионатында барлығы 16 команда өнер көрсетеді.

Ең жоғары рейтингке ие Германия құрамасы элиталық кезеңге тікелей жолдама алды. Ал қалған 52 құрама 13 квартетке бөлініп, 2014 жылдың 19 қыркүйегі мен 31 қазаны арасында өтетін мини-турнирлерге қатысуға мәжбүр. Сөйтіп, әр топтан екі үздік команда және үшінші орын алғандардың ішінде көрсеткіштері жоғары бес құрама Германияға қосылып, 2015 жылдың көктемінде элиталық кезеңде өнер көрсетеді. Ал финалдық кезеңде Болгария да қатарға қосылып, барлығы 16 команда Еуропа чемпионы атағына таласады.

 

1 топ. (22-27 қыркүйек): Шотландия, Ирландия*, Фарер аралдары, Гибралтар

2 топ. (26-31 қазан): Польша, Грузия*, Эстония, Лихтенштейн

3 топ. (15-20 қазан): Исландия, Италия, Молдова*, Армения

4 топ. (25-30 қазан): Англия, Франция, Кипр*, Македония

5 топ. (25-30 қыркүйек): Украина, Швеция, Грекия, Латвия*

6 топ. (19-24 қыркүйек): Түркия, Португалия, Словения*, Солтүстік Ирландия

7 топ. (21-26 қазан): Хорватия, Венгрия*, Қазақстан, Израиль

8 топ. (9-14 қазан): Сербия, Нидерланды, Мальта*, Финляндия

9 топ. (8-13 қазан): Аустрия, Норвегия, Сан-Марино, Албания*

10 топ. (23-28 қазан): Бельгия*, Швейцария, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина

11 топ. (24-29 қазан): Словакия*, Испания, Люксембург, Литва

12 топ (25-30 қыркүйек): Чехия, Дания, Румыния, Андорра*

13 топ. (19-24 қазан): Ресей, Беларусь*, Уэльс, Черногория

*Алаң иелері

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;