русский язык
Футбол

«Зимбру» - «Шкендия» кездесуінде қазақстандық төрешілер қазылық етеді

«Зимбру» - «Шкендия» кездесуінде қазақстандық төрешілер қазылық етеді

Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасынның бірінші іріктеу кезеңінде қызмет етеді, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Қостанайлық төреші Анатолий Вишниченко бастаған құрамында көмекшілері алматылық Сергей Васютин мен атыраулық Анатолий Ходин және резервтегі төреші петропавлдық Александр Гаузер бар қазақстандық арбитрлар алқасы Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің аясындағы "Зимбру" (Молдова) - "Шкендия" (Македония) текетіресінің жауапты ойынына төрелік етеді. Ойын 2014 жылдың 10 шілдесі күні Кишиневте өтеді.

Бұл командалар арасындағы бірінші ойын 2:1 есебімен македониялық клубтың пайдасына шешілген болатын

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;