русский язык

Арнаш Бауыржан әлем чемпионатында өнер көрсетеді

 Арнаш Бауыржан әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Маусымның 26-сы мен шілде айының 4-і аралығында Астана қаласында жас жеткіншектер арасындағы шахмат турнирі өтті. Биыл зияткерлік жарысқа қатысқан спортшылардың саны 126-ға жетті.

Астана, Алматы, Кереку, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Сарыағаш, Қарағанды, Ақтөбе, Экібастұз және Шымкенттен келген жас өнерпаздар биыл қайта бас қосты.

1997 жылы туған балғын спортшылар арасындағы дода қызықты өтті. Ұпайлар Бухгольц коэффициенті бойынша есептеліп жеңімпаздар анықталды. Диана Асаубаева (Қостанай) бірінші орын алса, Анель Муратова (Шымкент) екінші сатыдан көрінді. Ал 14 жасар алматылық Арнаш Бауыржан үздік үштікті қорытындылады.

Арнаш есімді бұрымды шахматшы бүгінгі таңда ОАР-да өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;