русский язык

Мараканадағы масқара. Германия Бразилияны 7:1 есебімен ойсырата жеңді

Мараканадағы масқара. Германия Бразилияны 7:1 есебімен ойсырата жеңді

Әлемді арбаған доп додасының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Жартылай финалдық бәсекесіне жарыс қожайындары Бразилия мен Германия шықты. Ақтық кезеңге шығуға үміткер қос құрама арасындағы кездесуде Иоахим Лев шәкірттері жеңімпаз болып шықты.

Сколари негізгі көшбасшыларынан айырылған Бразилия құрамасына өзгеріс енгізіп, алаңға бірнеше жаңа ойыншыларды шығарған болатын. Қорғанысты қадағалайтын Тиаго Сильва мен шабуыл өтін бастайтын Неймардың жоқтығы бүгін әбден білінді. Ал Германия құрамасы әдеттегідей 11 ойыншысы толық негізгі құраммен ойынға араласты.

Кездесу өте жоғары жылдамдықпен басталды. Алаң иелері Германия құрамасын әбден қорғанысқы тығып тастады. Матч басындағы қысымнан сәтті шыққан немістер енді ойын басымдығын ақырындап өз қолына алды. Алғашқы соққыны Марсело жасады. Оның айып алаңының сыртынан дәлдеген добы қақпадан қиыс кетті. Қарымта шабуылға шыққан Германия ойыншылары бұрыштама добын алды. 11-ші минутта бұрыштан көтерілген допқа бірінші жеткен Мюллер матчтағы есепті ашты. Қорғаушылардың өрескел қателігі: Мюллерді көзден таса қылуы.

Таблодағы есеп ашылғаннан кейін ойын біраз бәсеңсіді. Бірақ 20-шы минутта Бразилия жанкүйерлерінің үш ұйықтаса түсіне кірмейтін жағдай орын алды. Бар болғаны он минут ішінде алаң иелеренінің қақпасына жауапсыз 4 гол соғылды.

Алдымен 23-ші минутта Клозе есепті еселеді. Ортадан Кросс Мюллерге пас асырады, ал ол өз кезегінде артындағы Клозе пас шығарып береді. Қақпашымен жеке шыққан Клозе өзінің әлем чемпионаттарындағы 16-шы голын соғып, жаңа рекорд орнатты.

Екі минут өтер-өтпестен Кроос есепті іріге дейін жеткізді. Лам оң қапталдан қақпа маңында тұрған Кроосқа пас асырды, ал неміс құрамасының 18-ші номері жойқын соққымен қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұнымен Германия құрамасы тоқтап қалғысы жоқ.

Көзді ашып-жұмғанша Кроос матчтағы екінші голын соқты. Қорғаныстағы өрескел қателікті сәтті пайдаланған Кроос Бразилия қақпашысы Жулио Сезарға қақпасынан төртінші допты алып шығуға мәжбүр етті.

29-шы минутта Өзіл Хедиранына соққы бағыттауға ыңғайлап шығарып берді. Хедира болса екі қорғаушының арасынан Сезар қақпасын тура көздеді.

Бұдан кейін Бразилия құрамасы «алаңда шашылып» қалды десе болады. Жас балаша бір-біріне жалтақтап жүріп алғашқы таймды да аяқтады.

 

 

Екінші таймға Сколари шәкірттерін қамшылап шыққан тәрізді. Алаңға шыға салып жіберген қателіктерді жуып-шайғысы келді. Сколари матчқа тыңнан екі ойыншыны қосты.

49-шы минутта Рамирестің алға ұмтылып барып жасаған соққысы Нойер сәтті қайтара білді. Фред екінші деммен шабуылдауға дайын тұрғанымен оның аяғына доп түспеді.

Алаңға тығанан қосылған Паулиньо екі мәрте қарсылас қақпасына қауіпті соққы жасады, алайда екі жағдайда да Нойер шеберлік танытып, қақпасын голдан аман сақтап қала алды.

Иохаим Лев тыңнан шығарған Шюррле үмітті ақтады. Алдымен 69-шы минутта қарсылас қапасын дәл көдесе, он минут өткеннен соң есепті еселей түсті. Бірінші жағдайда оң қапталдан шабуылға қосылған Лам қақпа маңында тұрған Шюррлеге сәтті пас шығарып берді, ал ол өз кезегінде қақпаның жақын бұрышына соққы жасады.

Сол қапталдан өрбіген шабуылда Өзіл Кроосқа пас шығарып берді, Шюррле болса жойқын соққымен Сезар қақпасын екінші мәрте дәл көздеп, дубль авторы атанды.

Соңғы сөз Бразилия құрамасының артында қалды. Алаң ортасынан пас алған Оскар алдында тұрған Боатенгті қапы қалдырып барып, Нойер қақпасын тура көздеді.

 

 

Әлем чемпионаты-2014. Жартылайфинал.

Бразилия – Германия – 1:7 (0:5)

Голдар: Мюллер 11', Клозе 23', Кроос 24', Кроос 26', Хедира 29', Шюррле 69', Шюррле 79', Оскар 90'+1

Бразилия: Жулио Сезар, Давид Луис, Фернандиньо (Паулиньо 46), Марсело, Халк (Рамирес 46), Фред (Виллиан 70), Оскар, Данте, Луис Густаво, Бернард, Майкон.

Германия: Нойер, Хёведес, Хуммельс (Мертезакер 46), Хедира (Дракслер 76), Швайнштайгер, Озил, Клозе (Шюррле 58), Мюллер, Лам, Кроос, Боатенг.

Төреші: Марко Родригес (Мексика)

Ескерту: Данте 68

9 шілде.«Минейрао» стадионы. Белу-Оризонти

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;