русский язык

Мадридтегі «Гран-при» додасында қазақстандықтар 8 медаль олжалады

Мадридтегі «Гран-при» додасында қазақстандықтар 8 медаль олжалады

Грек-рим күресінен Испанияда өткен халықаралық Гран-при турнирінде қазақ палуандары сегіз медаль жеңіп алды, деп мәлімдейді Kazakhstan Wrestling Online.

Алтын жүлдені Ербол Қоңыратов (59 келі), Асхат Жаңбыров (71 келі), Досжан Кәртіков (80 келі) және Нұрсұлтан Тұрсыновтар (85 келі) иеленді.Мақсат Ережепов (71 келі) пен Ерұлан Ысқақов (98 келі) күміс медаль жеңіп алды.Алмас Кебіспаев (59 келі) және Азамат Күстібаев (80 келі) халықаралық турнирден қола жүлдені қанағат тұтты.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;