русский язык
Футбол

«Ақтөбе» басшылығы ресми түрде Владимир Никитенконы қызметінен босатты

«Ақтөбе» басшылығы ресми түрде Владимир Никитенконы қызметінен босатты

«Ақтөбе» басшылығы облыс әкімімен болған кездесуден кейін бас бапкер Владимир Никитенконың қызметінен кету туралы арызын қабылдады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Пентакамеондардың Қазақстан чемпионатының соңғы кездесулерде көрсеткен сүреңсіз ойыны клуб басшылығының көңілінен шықпағандықтан Никитенко бапкерді қызметінен босату шешімі қабылданды. Қазіргі таңда командада уақытша жаттықтырушы қызметін Алексей Косалапов атқаратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Никитенко «Ақтөбемен» Қазақстан чемпионаты мен Суперкбокты жеңіп алған болатын. Ал соңғы кездесуде оның шәкірттері алматылық «Қайраттан» 7:1 есебімен ойсырата жеңілген болатын.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;