русский язык

Сколари: «Неймар үшін де ойнайтын боламыз»

Сколари: «Неймар үшін де ойнайтын боламыз»

Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари «Селесаоның» шабуылшысы Неймардың әлем чемпионатындағы команданың табысына қосқан үлесі бағасыз екенін айтты.

«Әрине, Неймар командадан кетер кезде өзімен бірге көп нәрсені ала кетті және бізге көп нәрсені қалдырды. Бірақ оның жоқтығына қаймығатын кезеңнен өттік. Енді оның маған, командасына және бүкіл бразилиялық халыққа жасағанын қайтаратын біздің кезегіміз келді. Сондықтан біз өзіміз және жанкүйерлеріміз үшін ғана емес, Неймар үшін де ойнаймыз», –деді Сколари.

Естеріңізге сала кетсек, Неймар ширек финалда Колумбияға қарсы кездеуде ауыр жарақат алып қалғанына байланысты әлем чемпионатының қалған уақытынын жіберіп алады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;