русский язык
Футбол

Альфредо ди Стефано өмірден озды

Альфредо ди Стефано өмірден озды

7 шілдеде мадридтік «Реалдың» бұрынғы атақты шабуылшысы мен құрметті президенті Альфредо ди Стефано қайтыс болды, деп хабарлайды испаниялық БАҚ.

Ди Стефано 5 шілдеде Мадридтегі «Грегорио Мараньон» госпиталына жүрек ауруымен жеткізілді. Бір күн бұрын «корольдік клубтың» аңыз ойыншысы 88 жасқа толған болатын.

Аргентинада туған ди Стефано мәнсабын басым бөлігін Испанияда «Реал» мен «Эспаньолдің» намысын қорғады. Мадридтік клубтың сапында сегіз рет Испания чемпионы атанып, бес мәрте Еуропа чемпиондарының Кубогында топ жарды, Құрлықаралық кубоктың алғашқы турнирінде жеңімпаз атанды.

Ұлттық құрамалар арасында форвард үш командада ойнады. Аргентина құрамасында 6 ойында 6 гол соқты, Колумбия құрамасында төрт кездесуде алаңға шықты. Испания құрамасында 31 матчқа қатысып, 23 рет қанжығасын майлаған.

Ойыншы мәнсабын бітірген соң, ди Стефано бапкер болып, әр жылдары мадридтік «Реалдың», аргентиналық «Бока Хуниорстың» және «Ривер Плейттің» тізгінін ұстады. Сонымен қатар, «Валенсияға» 1970/1971 жылы Испания чемпионы атағын алып берді.       

Описание: iFrameОписание: iFrame

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;