Google-дың виртуалды командасы жасақталды
![Google-дың виртуалды командасы жасақталды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1404740393_116243495.jpg?v=28695814)
Технологиялық гигант Google ғаламторда көп ізделген футболшылардың тізімін жасады.
Google-дың виртуалды командасына кіргендер:
Қақпашы: Гильермо Очоа (Мексика құрамасы);
Қорғаушылар: Маркос Роха (Аргентина), Жерар Пике (Испания), Давид Луиз (Бразилия), Ацуто Утида (Жапония);
Жартылай қорғаушылар: Арьен Роббен (Голландия), Бастиан Швайнштайгер (Германия), Андреа Пирло (Италия);
Шабуылшылар: Криштиану Роналду (Португалия), Лионель Месси (Аргентина), Неймар (Бразилия).
Бұл сараптама 12 маусым мен 7 шілде арасында ізделген ойыншылардан құралған.
Тізімде Роналду мен Месси көшбасшы атанды. Ал бапкерлер арасында көп ізделген АҚШ құрамасының жаттықтырушысы Юрген Клинсманн болды.