русский язык
Футбол

«Қайрат» 2006 жылдан бері алғаш рет көш бастады

«Қайрат» 2006 жылдан бері алғаш рет көш бастады

6-шы шілде күні Премьер-Лиганың 19-шы турының екінші күнгі кездесулері болып өтті.

Турдың бас кездесуі әрі жаңалығы Оңтүстік астанада өрбіді. Алматылық клуб өз алаңында «Ақтөбені» тас-талқан етіп жеңді. Клубқа жаңдан қосылған Жерар Гоу хет-трик жасаса, хорват Йосип Кнежевич екі мәрте көзге түсті, ал Заурбек Плиев пен Бауыржан Исламхан бір-бір рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ал «Ақтөбе» сапынан жалғыз голды Антонов соқты. Чемпиондардың алматылық клубтың қауқарына тойтарыс бере алмай, алаңда «шашылып» қалады дегенді кім ойлаған.

Осылайша Владимир Вайсс шәкірттері 2006 жылдан бері жарыс кестесінде тұғыш рет бірінші орынға көтерілді.

«Қайрат» — «Ақтөбе» 7:1 (2:0)
Голдар: Гоу 8 (1:0), Кнежевич 25 (2:0), Плиев 46 (3:0), Исламхан 52 (4:0), Кнежевич 56 (5:0), Гоу 76 (6:0), Гоу 83 (7:0), Антонов 87 (7:1)
Ескертулер: Гоу 69 — Мулдаров 48, Шабалин 56, Хайруллин 59
«Қайрат»: Хомич, Плиев, Куантаев, Смақов, Гурман, Бакаев, Едигарян, Кнежевич , Дарабаев, Исламхан, Гоу
«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Хайруллин, Арзуманян, Тағыберген, Шабалин, Левин, Коробкин, Логвиненко, Кападзе, Антонов
Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Бельский (Тараз), Суйінов (Павлодар)
6 шілде.  Алматы қаласы. Орталық стадион. 12 000 көрермен.

 


 

Елордада өткен кездесуде «Астана» айқын басымдықпен қарағандыдан келген қонақтарын жеңді. Алғашқы таймда елордалық ұжым сапынан Бейсебеков пен Кетевоама көзге түссе, еінші таймда Жолчиев пен Нөсербаев есепті еселеді. Жарыс кестесінде көршілесе келе жатқан қос клуб орын алмасты. «Астана» —үшінші, «Шахтер» — төртінші.

«Астана» — «Шахтер» 4:0 (2:0)
Голдар: Бейсебеков 25, Кетевоама 29, Жолчиев 64, Нөсербаев 85
Ескертулер: Кояшевич 6, Жуков 62, Аничич 72 — Борантаев 6
Алаңнан қуылды:  Джидич 34
«Астана»: Эрич, Дмитренко, Аничич, Кояшевич, Кетевоама, Бейсебеков, Жуков, Джолчиев, Курдов, Шомко, Каньяс
«Шахтер»: Покатилов, Борантаев, Габышев, Джидич, Порываев, Бауыржан, Байжанов, Вичюс, Саломов, Муртазаев , Мурзоев
Төрешілер:  Дузмамбетов (Өскемен), Шабанов (Алматы), Ысқақов (Қостанай)
6 шілде. Астана. «Астана Арена» стадионы. 3000 көрермен. 

 

Екінші күнгі тур шымылдығын Қостанай қаласында өткен «Тобыл» — «Ертіс» кездесуі ашты. Бұл матчта басқа ойындарға қарағанда жеңімпаз анықталған жоқ. Алдымен алаң иелері сапынан Кушнир есеп ашса, артынан керекулік команда ойыншысы дудченко таразы басын теңестірді. Тең есеппен аяқталған ойын ешкімге де аса ұнай қойған жоқ. Қос клуб бірінші алтылыққа кіру жағдайын қиындатып алды.

«Тобыл» — «Ертіс» 1:1 (1:0)
Голдар: Кушнир 23 (1:0), Дудченко 59 (1:1)
Ескертулер: Кучера 14, Аслан 21, Йеслинек 88 — Бакаев 14, Тотай 14, Мухутдинов 23, Чучман 63, Бурзанович 88
Алаңнан қуылды: Тотай 89
«Тобыл»: Петухов, Тонев, Кучера, Кургулин, Аслан, Богданов, Шимкович, Ирисметов, Кушнир, Красич, Бугаев
«Ертіс»: Калмыков, Чичулин, Чучман, Булгару, Джудович, Валеев, Юрин, Тотай, Мухутдинов, Дудченко, Бакаев

Төрешілер:  Рахимбаев (Алматы), Айжігітов (Қызылорда), Козлов (Ақтау)
6 шілде. Костанай.  Орталық стадион.  4000 көрермен 

Сурет pfl.kz сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;