русский язык
Футбол

Владимир Никитенко: «Бүгінде «Қайрат» – ойыны жағынан еліміздегі ең үздік клуб»

Владимир Никитенко: «Бүгінде «Қайрат» – ойыны жағынан еліміздегі ең үздік клуб»

Назарларыңызға «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Никитенконың қатысуымен болған ойын соңындағы баспасөз мәслихатын ұсынамыз.

- «Қайрат» бүгінде құрамды жинауы жағынан да, ойыны бойынша да тамаша жағдайда. Біз бүгін шабуылда ойнағымыз келді. Бірақ тез гол жіберіп алдық, кейін екіншісін. Өкінішке қарай, өз ойынымызды көресете алмадық. Ең алдымен, қорғаныста. Шамасы, осындай «Қайратқа» қарсы шабуылда ойнағанымыз басты қатеміз шығар. Өз сапамызға үміттендік. Бүгінде «Қайрат» - ойыны жағынан еліміздегі ең үздік клуб. Осыдан сабақ алуымыз қажет, чемпионаттағы турнирлік күрес әлі біткен жоқ. Барлық күрес алда.

 – Владимир Андреевич, Александр Гейнрихпен болған жағдайды түсіндіріп жіберіңізші. Онымен қоштасу бапкерлік құрамның шешімі ме, басшылықтың ба?

 – Клуб команданың ойынын күшейткісі келді. Ал біз команданы легионерлер арқылы күшейте аламыз. Қазақстандық ойыншылармен  команданы күшейту қиын. Сондықтан бір ойыншының орнына басқасын шақыруды жөн деп шештік. Дәлірек айтқанда, шабуылшыға шабуылшы. Басқа амал болмады. Гейнрих – жақсы ойыншы. Алайда үлкен мақсаттарды орындау үшін мықты ойыншылармен күшею керектігін тәжірибе көрсетті. Қазіргі ойынымыз біздің деңгей емес. Клубта бар футболшылармен ойынды жақсартамыз деп ойлаймыз. Команда бұрынғыдан да жақсы ойнағысы келеді. Өкінішке қарай, Пиззели мен Неку қатыса алмады. Маркос ауырып қалды, Неко өткен ойында төртінші сары қағазын алды. Олар болғанда ойын басқаша өрбитін еді. Бірақ бұл сылтау емес. Мәселе қорғаныста, біздің команда, ең алдымен, сенімді қорғаныс арқылы ойнайтын. Өкінішке қарай, қорғанысымыз ойын барысында шашылып қалды.

 – «Ақтөбенің» бұндай есеппен ұтылмағанына он жыл болған шығар. Гейнрихпен түсініксіз жағдай, команда қатарынан алтыншы ойында жеңе алмай келеді. Ұжым ішінде не болып жатыр?

 – Бүгінгі жеңілісімізге, бәрінен бұрын, мен кінәлімін. Біздің шабуылдағымыз келді, допқа иелік еттік. Қарымта шабуылдарды өткізіп алдық және қорғаушылар сауатсыз ойнады. Барлық кінәні өз мойнама аламын.

 – Осы ойынға дайындалып жатқан кезде тбилисилік «Динамоға» қарсы матчты ойладыңыз ба?

 – Жоқ, ойламадым. Бұл матч бүгінгі күндегі ең маңызды кездесу болды. Чемпионаттағы емес шығар, бірақ бүгінгі күндегі маңызы ойын. Біз осы жерде, керемет стадионда, әдемі футбол көрсеткіміз келді, өкінішке қарай, ойымыз іске аспады. Бізге «Қайраттың» керемет ойыны бөгет болды. Біз де жоспарлаған ойынымызды көрсете алмадық.

 – Владимир Вайсс Самат Смақов құрамаға шақыруға лайық екенін айтты. Сіз қалай ойлайсыз?

 – Смақовтың «Қайраттағы» рөлі бағасыз. Біріншіден, ол сапалы ойнайды. Екіншіден, ойынды біріктіріп отыратын команданың көшбасшысы. Мен оны өте жоғары бағалаймын. Шеберлігі, көшбасшылығы, жалпы, адамдық сапасы жағынан құрамға көмектесе алады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;