русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Қазақстан чемпионатын жеңіп алу әлем чемпионатына шығудан да қиын»

Владимир Вайсс: «Қазақстан чемпионатын жеңіп алу әлем чемпионатына шығудан да қиын»

«Ақтөбеге» қарсы тамаша жеңістен кейін «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында осындай айбарлы қарсыласын қалай тізе бүктіргені туралы айтты.

 – Кеш жарық, мұндай ойыннан кейін не айтуға болады? «Ақтөбе» секілді командаға қарсы керемет нәтиже, - деп бастады Владимир Вайсс. – Кез келген командада осындай күн болады. Біздің жолымыз болды, шабуылда жақсы ойнадық, қорғанысымыз сенімді болды, Хомич те бірнеше мәрте құтқарды. Әрине, соңғы жағында жігіттер босаңсып қалды және «Ақтөбе» гол соқты. Жанкүйерлер үшін жақсы футбол көрсеттік. Осындай күндер болып тұрады, өмірде жолың болады, кейде қазір «Ақтөбе» кешіп жүрген қиын күндер де болатыны анық. Менің басымнан да талай өткен. Ал қазір Албанияға дайындалып жатырмыз. Қай жерде ауыр матч күтіп тұр – сол жаққа бар күшімізді саламыз. Әрине, 7:1 – керемет есеп. Оның үстіне, чемпионға қарсы. Тарихта мұндай болды ма, жоқ па, білмеймін. Жігіттер үшін қуаныштымын, футбол ойнай алатынымызды, командамыз ұжымшыл екенін дәлелдеді. Жерар Гоудың үш гол салғанына қуаныштымын. Былтырғы маусымдағы Момо секілді командаға тез кіріп кетті. Жақсы табыс. Жұмыс жасай береміз, бұл біздің жолымыздағы алғашқы қадам ғана. Бізді үздік деп ойлаудың қажеті жоқ. Әлі де жұмыс істеу керек. Албаниядағы ойынды ойлап, Кислицын мен Михалик алаңға шығарған жоқпыз. Жол ұзақ болмақ, келесі кезеңге өтеміз деп үміттенемін. Оңай болмайды, бірақ Еуропа лигасына бар күшімізді саламыз.

 – «Қайрат» «Ақтөбені» ненің арқасында жеңді?

 – Тактикалық жоспарда қапы қалдырдық. Біз 4-3-3 үлгісі бойынша басында жабық футбол ойнадық. Қос қанатпен қапталдағы қорғаушылар арқылы ойнауға дайындалдық. Ерте соққан гол бізге сенімділік сыйлады. Қарсыласымыз шамалы абыржулы болды. Кейін екінші гол соқтық және әрі қарай жолымыз болды. Голдар керемет салынды. Жігіттер өзінің жеке шеберлігін көрсетті. Бірақ мен Смақовты ерекше атап өтер едім. Ол қанша жүгірді, командаға қанша жанын салды. Бұл таңқаларлық. Ол өз елінің құрамасында ойнауы қажет, себебі ол әр ойын сайын ерекшеленеді. Мен айтқан кез келген нұсқауды орындап шығады. Егер Қазақстанда Смақов секілді жиырма ойыншы болса, керемет болар еді. Қазіргі жастардың содан үйренуі қажет.

 – Аслан Дарабаев не себепбі болған жоқ?

 – Аслан жарақат алып қалды. «Кукесиге» қарсы матч кезінде. Тәуекелге барғымыз келмеді. Бейсенбіде ойнай алады деп үмітеннеміз. Ертең УДЗ-ден өтеді. Нәтижесін білейік, көреміз.

 – Қазіргі құрамыңызға көңіліңіз тола ма?

 – Менің ешқашан көңілім толмайды. Әрқашан жарақаттар болды, сосын оның орнына шығаратын ойыншы табылмайды. Бірақ қазір бізде шабуылда үлкен таңдау бар, Лунин қосалқы құрамда отырды, Асланда жарақат. Сондықтан шабуылда біздің басымдығымыз бар. Жартылай қорғаныста Бакаев, Смақов, Едигарян және жаңадан келген Қуат бар.

 – Маусым басында сізге ешкім сенген жоқ, ал қазір жеңілмейтіндей көрінетін «Ақтөбені» тізе бүктіріп, бірінші орынды бөліп тұрсыздар. Айтыңызшы, чемпион атана аласыздар?

 – Білесіз ба, бапкерлік өмір осындай. Басында алғашқы үш турдан соң мені жанкүйерлер мен басшылық жұмыстан шығарғысы келді. Бірақ бір адам мені қалуға көндірді. Сондықтан мен қалдым. Иә, біз өте сәтсіз бастадық, бұған бапкерлер, ойыншылар, басшылық – бәрі де кінәлі. Қиын сәтте мені «Қайрат» қолдады. Бұл клубта жасалып жатқанның ешқайсысы да Қазақстандағы басқа командада жоқ. Біз жаңа «Қайратты» жасап жатырмыз. Ал «Ақтөбенің» жеңілгені сәтсіз күндердің бірі ғана. Бір кездерде өз алаңымызда «Селтикті» 5:0 есебімен жеңіп, қонақта 0:4 есебімен жеңіліп қалдық. Футбол деген осындай. «Қайраттың» қазір бірінші орында келе жатқаны қуантады. Иә, біз чемпионатты жеңім алуды армандаймыз. Бір кезде «Қайрат» жеңіп алады, бұған жүз пайыз сенімді болыңыздар. Не осы жылы, не келесіде, көреміз. «Шахтер», «Астана» секілді сыйлауға тұрарлық командалар да бар. Жалпы, Қазақстан чемпионатын жеңіп алу әлем чемпионатына шығудан да қиын.

 – Сіз команда бейсенбідегі ойынға дайындалып жатыр дедіңіз. Айтыңызшы, жігіттер босаңсып қалмауы үшін қандай тәсіл қолданбақсыз? Төрт күнде ойыншылардың функциялық дайындығын орнына келтіруге бола ма?

 – Бейсенбіде алаңға жүз пайыз аман және физикалық тұрғыда дайын ойыншылар шығады. Риера, Исаэль, Жерардың командаға кірісіп кетпегені түсінікті. Гоу шамалы дайын секілді. Ол өзін осы ойындағыдан да күшті көрсете алады. Себебі ол тамаша футболшы. Ситоға әлі дайындалу қажет, себебі үш ай ойнаған жоқ. Исаэль де өзін әлі көрсетеді, өте сапалы футболшы. Өкінішке қарай, физикалық тұрғыда әлі дайын емес. Сондықтан мен оны ауыстырып тастадым. Бейсенбіде алаңға ауыр күреске дайын ойыншылар шығады.

 – Қала күнінде бізге қуаныш сыйладыңыздар, басшылықтан сыйақы күтесіздер ме?

 – Егер алтылыққа кірер болсақ, сыйақы береді. Ал былай біз сыйақысыз ойнаймыз. Біздің алтылыққа еніп қойғанымызды ескерсек, сыйақы болады. Әр ойын үшін сыйақы жоқ. Тек алтылыққа кіргеніміз үшін және медаль алсақ қана.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;