русский язык
Футбол

Қаһарлы «Қайрат» «Ақтөбені» тас-талқан етті

Қаһарлы «Қайрат» «Ақтөбені» тас-талқан етті

Шілденің 3-і күні Еуропа лигасы аясында албаниялық «Кукеси» клубын жеңіп жігерленген алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионатының 19-шы турында «Ақтөбені» қабылдады. Орталық стадионда өрбіген матч 7:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді.

Алматылықтар үшін ойын сәтті басталды. Ойынның сегізнші минутында Жерар Гоу айып алаңында пас алып, қос қорғаушының арасынан қақпаны дәл көздеді. Алыс бұрышқа бағытталған допқа Андрей Сидельниковтың қолы жеткен жоқ – 1:0. Арада 5 минут өткенде Шабалин Асхат Тағыбергеннен әдемі пас алып, бірден соққы жасады. Жартылай қорғушының ойы іске аспады. Есепте алға шыққаннан кейін, алаң иелері қорғанысқа көңіл бөліп, қонақтарға басымдықты беріп қойды. Артқы шепте сауатты ойнайтын Владимир Вайсстың шәкірттері өзінің жарты алаңында қарсыласқа мүмкіндік бермеді. Ал өздері қарымта шабуылдарға иек артты. 20-минутта осындай жылдам шабуыл кезінде «Қайрат» есепті еселеп кете жаздады. 25-ші минутта Жерар Гоу сол қанаттан пас алып, допты оң қапталда бос тұрған Йосиф Кнежевич асырды. Допты тамаша қабылдап Сидельниковтың бойынан асыра салған Йосип есепті  2:0-ге жеткізді. Мұндайды күтпеген ел чемпионы абдырып қалды. Сондықтан, қарымта шабуылды ұзаққа дейін ұйымдастыра алмады. 30-минутта Алексей Антонов допты команда капитаны Тимур Кападзеге асырды, өзбекстандық легионер ұрымтал тұстан мүлт кетті. Бірінші таймның соңына дейін қос ұжым да тоблодағы есепті өзгертетін қауіпті мүмкіндіктерге ие болмады.

 

 

Екінші таймда есепті еселеу үшін алматылықтарға 30 секунд қана жеткілікті болды. Допты ала салып сең бұзар екпінмен жүгірген Заурбек Плиев отыз метр қашықтықтан допты құлаштап теуіп «Ақтөбе» қақпасында тулатты. 52-минутта «Қайрат» ойыншылары төртінші голын тойлады. Андрей Сидельниковтың өрескел қателігінен кейін Бауыржан Исламхан допты бос қақпаға кіргізді. Бесінші гол! Тағы «Қайрат». Айып алаңы ішінде доп ақтөбелік қорғаушының қолына тиді. Төреші ойланбастан пенальтиді көрсетті, нүктеге келген Кнежевич бүгінгі ойында екінші рет қанжығасын майлады. Бес голдан соң есін жиған қонақтар бір гол соғуға тырысып бақты.  Алайда еш нәтижесіз. «Ел чемпионынан ұят болады-ау» деп қамсынбаған «Қайрат» алтыншы голды соқты. Авторы – Жерер Гоу. Қорғаушылар мен қақпашының өрескел қателігін пайдаланған қарамаржан ойыншы бос қақпаны дәл нысанаға алды – 6:0. Ойын енді басталғандай, аяқталуына 15 минут бар әлі. Қазақстанның бес дүркін чемпины Алматыда «шашылып» қалды, ашығын айту керек. Тіпті еурокубоктарда бүйтіп «таяқ жемеген» Никитенконың шәкірттері.  «Не жазып едім» деген болар, Владимир Андрейұлы жетінші гол кіргенде. 82-ші минутта Жерар Гоу хет-трик жасап командасын тағыды алға шығарды. Араға санаулы минуттар салып жанкүйерлер сегізінші голды көрді. Бұл жолы «Ақтөбе» бір голмен жауап қайтарды. Алексей Антонов  әуедегі допты жерге түсірмей, бірден соққы жасады. Хомич шарасыз.

Бұл жеңіс «Қайратты» турнир кестесінің бірінші сатысына көтерді.

 

Қазақстан Премьер-Лигасы. 19-шы тур

Қайрат – Ақтөбе 7:1 (2:0)

Голдар: 1:0 – Гоу 8, 2:0 – Кнежевич 25, 3:0 – Плиев 46, 4:0 – Исламхан 52, 5:0 – Кнежевич 55 – 6:0 Гоу 76 – 7:0 Гоу 83 – 7:1 Антонов 87 

Қайрат: Хомич, Қуантаев, Гурман, Смақов, Плиев, Кнежевич, Бакаев, Исламхан (Қуат 79), да Силва (Лунин 61), Едигарян (Кислицын 65), Гоу.

Ақтөбе: Сидельников, Мулдаров, Хайруллин, Арзуманян (Царикаев 42), Тағыберген, Шабалин (Айымбетов 63), Левин, Коробкин, Логвиненко, Кападзе (Зенькович 46), Антонов.

Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Бельский (Тараз), Суюнов (Павлодар)

6 шілде 2014 жыл. Алматы. Орталық стадион. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;