Давид Лория: «Ақтөбе» мен «Динамо» бір деңгейдің командалары»
![Давид Лория: «Ақтөбе» мен «Динамо» бір деңгейдің командалары»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1404653710_921920944.jpg?v=28695818)
Алматылық «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы Давид Лория «PROСПОРТ» тілшісіне ел клубтарының Еурокубоктегі мүмкіндігі турылы ойымен бөлісті.
- «Қайраттан» не себепті кеттіңіз?
- Егерде бұл туралы айтқым келсе, бұрын-ақ жария етер едім. Сондықтан қазіргі таңда бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бірнеше апта өткен соң, барлығын айтып беремін, дәл қазір емес.
- Біздің командалардың Еуропа Лигасындағы өнеріне баға берсеңіз?
- Тамаша, үш бірдей клубымыз жеңіске жетті. Мен өте қуаныштымын.
- Топтық кезеңге шыға алады ма?
- Мен бұған сенімдімін әрі үміттенемін. Неге олай болмасқа? Бәріміз командаларымызға үміт артып, сене білуіміз керек.
- Жақын арада «Ақтөбе» тбилисилік «Динамо» күш сынасады, ел чемпионының мүмкіндігі қандай?
- Қос клуб та бір деңгейдің командалары. Сондықтан ойын өте қызықты болмақ.
- Әлем чемпионатын кім жеңеді әрі кімге жанкүйерлік етесіз?
- Мен Италия құрамасына жанк.йер болғанмын. Өкінішке қарай, жарыстан шығып қалды. Ал жеңімпазды анықтау қиын, сондықтан нақты айта алмаймын.