русский язык
Футбол

Қала күніне сыйлық! Елордалықтар «Шахтерді» тас-талқан етті

Қала күніне сыйлық! Елордалықтар «Шахтерді» тас-талқан етті

Осы аптада Еуропа лигасына қатысқан командалар арасындағы матчта «Астана» қарағандылық «Шахтерді» жермен-жексен етті.

Армениядан шабыттанып келген астаналықтар ойынның 25-минутында Абзал Бейсебековтың көмегімен алға шықты. Араға төрт минут салып Роджер Каньястан пас алған Фокси Кетевоама жалғыз қарымта шабуылға шығып, айып алаңына енбей Стас Покатилдов қақпасының алыс бұрышына соққы жасады.

Қарағандылықтардың жағдайы 34-минутта тым қиындап кетті. Ережеге сай ойнамағаны үшін Алдин Джидичке тікелей қызыл қағаз көрсетілді.

Саны жағынан басымдыққа ие болған Станимир Стойлов шәкірттері шабуылын екінші таймда да жалғастырды. Алдымен 63-минутта Бауыржан Жолшиев алыстан әдемі пас алып, айып алаңына кірер тұста «кеншілер» қақпасын дәл көздеді. Ал ойынның соңына таман Фокси мен Таңат Нөсербаев екеуі бір қорғаушығы қарсы шықты, әріптесінен пас алған Таңат Покатилов қақпасынан төртінші рет саңлау тапты.

 

«Астана» (Астана) – «Шахтер» (Қарағанды) 4:0 (2:0)

Голдар1:0 – Бейсебеков (25), 2:0 – Фокси (29), 3:0 – Жолшиев (63), 4:0 – Нөсербаев (85)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;