русский язык

Луи ван Гал: «Ясперді ауыстыратынымызды өзіне айтқан жоқпыз»

Луи ван Гал: «Ясперді ауыстыратынымызды өзіне айтқан жоқпыз»

Голландия құрамасының бас бапкері Луи ван Гал пенальти сериясында неліктен қақпашы ауыстыруды жөн көргенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, сенбіде Салвадорда голландиялықтар Коста-Рика құрамасын пенальти арқылы тізе бүктірді. Қосымша уақыттың екінші 15 минуттығында ван Гал Яспер Силлессеннің орнына Тим Крулды шығарды. Крул екі пенальтиді кері қайтарып, голландиялықтарға жеңіс сыйлады.

«Біз Ясперге ештеңе айтқан жоқпыз. Матчқа дейін бұны білгенін қаламадық, себебі бұл оның көңілін қалдыратын еді, - деді Ван Гал. – Әр қақпашының өз жақсы тұстары бар.  Біз оның (Крулдың) реакциясы мен пенальтиді кері қайтаруда статистикасы жақсырақ деп ұйғардық. Костарикалықтар 11-метрлік пеналтиді қалай тебебін Тиммен бірге ақылдастық. Сондықтан, ол дайын болды. Бақытымызға орай, ойдағыдай шықты.»

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;