русский язык

Марк Вильмотс: «Төрешілер Мессидің тәртіп бұзғанына назар аудармады»

Марк Вильмотс: «Төрешілер Мессидің тәртіп бұзғанына назар аудармады»

Бельгия құрамасының бас бапкері Марк Вильмотс өз командасымен мақтанатынын, сонымен қатар, аргентиналықтардың ойынына жақсы әсерде қалмағанын айтты.

«Жеңіске жете алмағанымыз өте өкінішті. Бірақ мен өз жігіттеріммен мақтана аламын. Біз соңына дейін күрестік. Ширекфиналға шыққандардың арасында Бельгия ең жас команда болды.

Венсан Компанидің кішкентай қателігі ойын тағдырын шешіп кетті, бірақ аргентиналықтар өз ойынымен бізге мүлдем жақсы әсер қалдырмады. Мүлдем», - деді Вильмотс ойын соңындағы баспасөз мәслихатында.

Бельгиялықтардың бас бапкері төрешілердің жұмысына да көңілі толмағанын жеткізді.

«Лионель Месси – ұлы ойыншы, Аргентина құрамасының ойынына ырғақ беріп отырады. Бірақ ол бірнеше рет ойын тәртібін бұзды, бірақ төрешілер бұған мән бермеді. Мен бұл жайтты айтып жылайын деп отырған жоқпын, бірақ қашан да осылай болады. Ол үш рет ереже бұзды, алайда ескерту алған жоқ», - деді маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;