русский язык

Моуриньо: «Бразилия сапалы футбол көрсетпейді, бірақ әлем чемпионы болады»

Моуриньо: «Бразилия сапалы футбол көрсетпейді, бірақ әлем чемпионы болады»

Португалиялық бапкер Жозе Моуриньо Бразилия құрамасының әлем чемпионатындағы ойыны туралы айтты.

«Бразилиялық команда жанын салып күреседі, жүрегімен ойнайды, әр ойыншы соңғы күші қалғанша жүгіреді. Сондықтан оларды сыйлау қажет. Бірақ Бразилия сапалы футбол көрсетпейді, тамаша ойыншыларының басымдығын пайдаланбайды. Бірақ бразилиялықтар өздеріне не керектігін біледі. Ақыр аяғында, олар әлем чемпионы атанады деп ойлаймын. Бұған жету үшін бразилиялықтар қолдан келгеннің бәрін істейді», - деді Моуриньо.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;