русский язык
Футбол

«Қасқырлар» өз алаңында «Спартакқа» тісін батыра алмады

«Қасқырлар» өз алаңында «Спартакқа» тісін батыра алмады

Қызылордалық «Қайсар» ел чемпионатының қатарынан алтыншы матчында жеңістің дәмін тата алмай келеді. 19-турда «қасқырлар» семейлік «Спартактан» айласын асыра алмады.

Алаң иелері 26-минутта есеп ашты – шабуылшы Сергей Струков өз командасын басымдық әкелді. Тоблодағы есеп екінші таймның орта беліне дейін өзгерген жоқ. 68-минутта Даниэль Пеев семейліктердің бір ұпай олжалауына көмектесті.

«Қайсардың» бапкерлік штабы Сергей Остапенконы шығарды, алайда жаңа шабуылшы ойын тағдырын өзгерте алмады.

 

«Қайсар» (Қызылорда) – «Спартак» (Семей) 1:1 (1:0)

Голдар1:0 – Струков (26), 1:1 – Пеев (68)

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;