русский язык
Футбол

Аслан Дарабаев: «Ең бастысы біз өз алаңымызда жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанта алдық»

Аслан Дарабаев: «Ең бастысы біз өз алаңымызда жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанта алдық»

Албаниялық «Кукеси» қарсы өткен кездесуде «Қайратқа» жеңіс алып берген Аслан Дарабаев «PROСПОРТ» тілшісіне ойын жайлы өз пікірін білдірді.

- Қзір сезініп тұрған сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ең бастысы біз өз алаңымызда жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанта алдық. Әрине әлде кемшіл тұстарымыз жетерлік, алайда жақын арада оның бәрін түзейміз. Команда ойынға толықтай беріліп, бастысы өз қақпамызға гол жіберген жоқпыз. Ендігі қарсыласымыз бен біз әр түрлі психологиялық жағдайдамыз. 

- Аслан, команда ұзақ уақыт бойы гол соға алмағанда қобалжу болды ма?

- Иә. Алғашқы ойын Алматыда болғандықтан гол өткізбей, мейлінше қарсылас қақпасына көп гол соғуымыз қажет еді. Шыны керек, албаниялықтар бұлай қорғаныста жатып алады деп ойламаптым. Біз бірінші таймда гол соққанымызда ойын бағыты басқаша өрбитін еді.

- Гол соққан сәт үйден дайындағандарыңыз ба?

- Жоқ, ешқандай стандарттық жағдайды дайындамаймыз.Біз барынша жақын бұрышқа допты асырғымыз келеді. Бәрі кездейсоқ болды, менің орнымда тіпт ібасқа ойыншы да болуы мүмкін еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;