русский язык

ӘЧ – 2014. Матч тағдырын жалғыз гол шешті. Немістер - жартылай финалда

ӘЧ – 2014. Матч тағдырын жалғыз гол шешті. Немістер - жартылай финалда

Әлем чемпионатының 1/8 финалдық кездесуінде қос еуропалық кұрама Германия мен Франция кездесіп ширек финал жолдамасын сарапқа салды.

Матчтың айқын фаворитті анықтау қиын еді. Қос құраманың да әлем чемпионатында жүлделі орыннан көрінуді мақсат тұтып келген. Кездесу басталысымен француздар алға ұмтылды, алғашқы соққыны Кәрім Бензема жасады. Оның сол қапталда Вольбуэнадан алған пасынан тепкен добын Льорис сәтті  қайтарды.

Қос қапталда ойнақтап жүрген Волбуэна Франция құрамасының сапындағы бірінші минуттан бастап ең белсенді ойыншы болды. Оның соққысын қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті.

10-шы минутта қарымта шабуылға шыққан Мюллерге қарсы Погба ереже бұзып, айып добын алып берді командасына. Допқа келген Кросс қақпа маңына әуелетіп пас асырды, допқа алғаш болып жеткен Хуммельс баспен соққы жасап, матчтағы есепті ашты. Сонымен немістер алда!

Осыдан кейін ойын басымдығын түгелдей Йоахим Лев шәкірттері өз қолына алды. Франция құрамасын тығырыққа тіреп, Льористің деребесін қашырды. Бірде Клозе қақпадан мүлт кетсе, енді бірде Крос гол соғуға сәл қалды.

Алғашқы таймның соңына таман ойын бағыты түгелдей француздар жағына ауысты. Кезекпе-кезек ұйымдастырылған шабуылдар неміс жанкүйерлерін бір «шулатып» тастады.

34-ші минутта оң қапталдан Дебюши екі қорғаушыны қапы қалдырып барып Вольбуэнаға пас асырды, ал ол өз кезегінде қақпаға жойқын соққы бағыттады. Алайда Нойер жата-жармасып допты алға шығарады, алайда ыңғайлы тұста тұрған Бензема бос қақпаны көздей алмады.

Бірінші тайм аяқталуына екі минут қалғанда Бензема тағы бір соққы жасап үлгерді. Сол қапталда екі қорғаушыдан айласын асырып, ортаға қарай жылжып барып қақпаның алыс бұрышын көздеп көрмек болды. Бірақ доп бағанадан сәл қиыстау кетті.

 

 

Екінші тайм Мюллердің соққысымен басталды. Оң қапталмен сытылып өтіп барып Льорис қақпасын дәлдеп көрді. Бірақ доп қақпа торын сыртынан бүлк еткізді.

Алайда бұдан кейін ойын жылдамдығы сәл бәсеңсіп қалды. Тек 70-ші минутта Дешам шәкірттері қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бензема Вольбуэнаның көтерген добын бірінші болып қағып алып, алдында тұрған неміс қорғаушысын қапы қалдырып соққы жасағанымен Хуммельс доптың алдына тосқауыл бола білді. 

Матьюди оң қапталмен сытылып өтіп, қақпаның жақын бұрышына жойқын соққы бағыттап көріп еді, алайда Нойер шеберлік танытты.

Тай-тұяғы қалмай шабуылға шығып кеткен франуздар бір сәтке қорғанысты ұмыт қалдырып еді, немістер жазалап кете жаздады. Мюллер сол қапталмен тамаша жүгіріп өтіп қақпа маңында қақпашымен жеке тұрған Шюрллеге пас берді. Тыңнан қосылған ойыншы соққы бағыттағанымен Льорис өз орнында.

Есепті теңестіру үшін Франция құрамасы соңғы мүмкіндіктерін пайдаланып қала алмады. Бензема қақпа маңында жалғыз қалып, жойқын соққы жасағанымен неміс қақпашысы тойтарыс берді.

Осылайша кездесу басында Хуммельстің соққан жалғыз голы матч тағыдырын шешіп, әлем біріншілігінің алғашқы жартылай финалисін анықтады. 

 

Әлем чемпионаты-2014. 1/4 финал

Франция - Германия 0:1 (0:1)

Гол: 13′ Хуммельс (0:1)

Стадион: Рио-де-Жанейро. Маракана

Төреші: Нестор Питанья (Аргентина)

2014-07-04 22:00

Франция: 1.Уго Льорис  2. Матье Дебюши 3. Патрис Эвра 4. Рафаэль Варан 5. Мамаду Сако 6. Йоан Кабай  8. Матье Вальбуэна 11. Антуан Гризманн  14. Блез Матюиди 19. Поль Погба 10. Карим Бензема

Германия: 1. Мануэль Нойер 16. Филипп Лам 20. Жером Боатенг 5. Матс Хуммельс 4. Бенедикт Хеведес 7. Бастиан Швайнштайгер 6. Сами Хедира 18. Тони Кроос 8. Месут Озил 13. Томас Мюллер 11. Мирослав Клозе

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;