русский язык
Футбол

«Монако» Хамес Родригеске 75 миллион еуро сұрап отыр

«Монако» Хамес Родригеске 75 миллион еуро сұрап отыр

«Монако» мен Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригесті өз сапында көргісі келетін мадридтік «Реалдың» басшылығы ойыншының  «корольдік клуб» қатарына ауысуы үшін беретін сомасын білді, деп хабарлайды Marca.

Трансфер құны 75 миллион еуроны құрайды. Ал «Монако» былтыр португалиялық «Портудан» Родригесті 35 миллион еуроға сатып алған болатын. Испаниялық гранд, өз кезегінде, 50-60 миллионнан көп бергісі келмейді. Әрине, егер«Реал» қасына басқа бір ойыншысын қосатын болса, бұл трансферлік ауысым арзанға түсуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;