русский язык

Өзбекстандық төреші рекорд орнатты

Өзбекстандық төреші рекорд орнатты

Қай әлем біріншілігін алсақ та, әйтеуір бір рекорд өзгереді. Биылғы әлемдік дода да бұдан шеткері қалмады.

Алдымен, колумбия қақпашы Фарид Мондраганға тоқталғанымыз дұрыс болар. Бұл голкипер әлем чемпионатында доп тепкен ең кәрі ойыншы боп есте қалмақ. Фарид топтық кезеңде Жапонияға қарсы алаңға шыққан кезінде 43 жаста (дәлірек айтқанда 43 жыл, 3 күн) болған. Мондраган бұл турасында камерундық Роже Милланың (42 жыл, 32 күн) рекордын бұзды.

Биылғы әлемдік турнирде өзбек ағайындарымыз да кермет нәтиже орнатты. Футболшылары емес, әрине. Төреші Равшан Ирматов 5 шілде күні Голландия – Коста-Рика арасындағы кездесуде қазылық етеді. Ирматов 2010 жылғы турнирде 5 ойында төреші болса, биыл осы қызметін 3 рет жасаған. Демек ертең тоғызыншы рет қазылық ететін бұл қазы әлем чемпионатының тарихында қалмақ. Себебі бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша рекорд 8 ойын болатын. Ал бұл рекордтты өзбек көршіміз әлі де өзгертуі мүмкін.

Енді, тағы да кім рекорд орнатуға жақын екеніне тоқталсақ. Германияның шабуылшысы Мирослав Клозе осы біріншілікте 1 гол соғатын болса, 16 голмен әлем чемпионатының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанбақ. Ол әзірше бұл тұғырды бразилиялық Роналдомен бөлісіп тұр. Бразилиялық шабуылшы мәнсабын аяқтағанын ескерсек, Клозенің жеке-дара көшбастайтын мүмкіндігі туып тұр.        

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;