русский язык
Футбол

Облыс басшысы «Қайсар» футболшыларымен кездесті

Облыс басшысы «Қайсар» футболшыларымен кездесті

«Қайсар» - «Спартак» кездесуінің қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев футболшылармен кездесіп, команданың алдағы ойындарына сәттілік тіледі, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионның алаңында футболшылармен кездескен облыс басшысы соңғы кездері еліміздің экономикасында орын алған девальвацияға қарамастан «Қайсар» футбол клубы қаржыдан қағажу көрмейтінін айтып, командаға барлық жағдайдың жасалатынын жеткізді.

Кездесу соңында қырымбек Елеуұлы команданың вице-капитаны Мартин Кляйнды орда бұзар отыз жасқа толуымен құттықтап, қорғаушыға естелік сыйлықты табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;