русский язык
Хоккей

«Айлендерс» қатарына Кулемин мен Грабовскийді қосты

«Айлендерс» қатарына Кулемин мен Грабовскийді қосты

«Нью-Йорк Айлендерс» ресейлік Николай Кулемин мен белорусь Михаил Грабовскиймен төрт жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Магнитогор хоккейінің түлегі әлем чемпионы Николай Кулемин осыған дейін 2008 жылдан бері  «Торонто Мэйпл Лифс» сапында ойнаған. Мұзайдында 421 кездесу өткізіп, 195 ұпай жинаған (84 гол және 111 нәтижелі пас).

30-жастағы белорусь хоккейшісі Михаил Грабовский «Торонто Мэйпл Лифс», «Монреаль Канадиенс» пен «Вашингтон Кэпиталз» клубтарында ойнаған. Грабовски ҰХЛ барлығы 425 матчқа қатысып, 252 ұпай жинады (107 гол және 145 нәтижелі пас).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;