русский язык
Футбол

Михаил Гурман: «Бізді қарымта матчта да қуанта алатындарына сенімдімін»

Михаил Гурман: «Бізді қарымта матчта да қуанта алатындарына сенімдімін»

Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде бастау алған үш қазақстандық клуб туралы пікірін айтты.

«УЕФА Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы күні қазақстандық футбол жанкүйерлеріне үлкен қуаныш әкелді. Біздің үш қатысушымыз да – «Астана», қарағандылық «Шахтер» мен алматылық «Қайрат» өз қарсыластарынан басым түсті.

Барлық командамыз футболсүйер қауымды қарымта матчта да қуанта алатынына, ал қазақстандық клубтардың жеңісті жолын Чемпиондар лигасында еліміздің намысын қорғайтын біздің чемпион «Ақтөбе» де жалғастырады деп сенемін.

Үміттенеміз, қолдаймыз, сенеміз! Алға, Қазақстан!»

КФЛ сайтының материалы бойынша 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;