русский язык
Футбол

Еуропа Лигасы. «Шахтер» сырт алаңда «Ширактан» басым түсті

Еуропа Лигасы. «Шахтер» сырт алаңда «Ширактан» басым түсті

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде қонақ армениялық «Ширакты» ұтты.

Бірінші және екінші таймның алғашқы бөлігінде есеп ашылмады. Қарсыластар бір бірінің қақпасын ұзақ торуылдады. Таблодағы есеп тек 71-ші минутта ашылды. «Шахтер» клубының шабуылшысы Михрет Топчагич қарсылас қақпасынан саңылау тапса, 83-ші минутта Сергей Малый есеп мәнін еселеп кетті. Алайда айтып ауыз жиып үлгергенше «Ширактың» ивуарлық легионері Серж Дебеле «кеншілер» қақпасына белгіленген 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есептегі айырманы қысқартты. Бірақ бұдан кейін қос қақпа торына гол соғылған жоқ.

 

«Ширак» (Гюмри, Армения) – «Шахтер» (Қарағанды) 1:2 (0:0)

Голдар: 0:1 – Топчагич (71). 0:2 – Малый (83), 1:2 – Дебеле (85, пенальтиден).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;