русский язык
Футбол

Қазақстандық арбитрлар Еуропа лигасында төрелік етеді

Қазақстандық арбитрлар Еуропа лигасында төрелік етеді

УЕФА қазақстандық арбитрлар алқасын Әзірбайжандағы ойынға тағайындады, деп хабарлайды kff.kz сайты.

Бүгін, яғни шілденің 3-і күні бас төреші Артем Кучин (Қарағанды) және оның қапталдағы көмекшілері Евгений Бельский (Тараз) мен Рустам Сүйінов (Павлодар), сондай-ақ резервтегі төреші Денис Измайлов (Талдықорған) УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Габала» (Әзірбайжан) мен «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) арасындағы ойынға төрелік ететін болады.

Бұған дейін хабарланғандай Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев бүгін өтетін Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы Молдовияның «Тирасполі» мен Әзірбайжанның «Интері» арасындағы кездесуге УЕФА өкілі болып тағайындалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;