русский язык

Америкалықтар Вашингтондағы аэропортты Ховардтың атына беруді ұсынды

Америкалықтар Вашингтондағы аэропортты Ховардтың атына беруді ұсынды

Вашингток аэропорты АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейганның атында. Оның атын қақпашы Тим Ховардтың құрметіне берілуі туралы петиция Ақ үйдің сайтында жарияланған.

«Тим Ховард әлем чемпионатында жасаған сейвтері бойынша рекорд орнатып, ұлттық мақтаныш екенін дәлелдеді. Сондықтан біз оның АҚШ-қа жасаған қызметі үшін аэропорттың атын өзгертуді сұраймыз», - деп жазылған петицияда.  

Әзірше петицияға 1755 адам жазылған. 31 шілдеге дейін олардың саны 100 мыңнан асса, бұл ұсыныс қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, әлем біріншілігінің 1/8 финалы аясында Бельгияға қарсы кездесуде Ховард тамаша ойнап, матчтың үздік ойыншысы атанды. Алайда бельгиялықтар АҚШ-ты овертаймда 2:1 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;