русский язык
Футбол

Виктор Кумыков: «Ширак» оңай шағылар жаңғақ емес»

Виктор Кумыков: «Ширак» оңай шағылар жаңғақ емес»

Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков УЕФА Еуропа Лигасына іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыласы «Ширакпен» болатын кездесу туралы өз ойымен бөлісті.

-  «Ширак» - соңғы жылдары Армениядағы беделді командаға айналды. Бізге өте мықты қарсылас түсті, «оңай шағылар жаңғақ» емес. Ең бастысы осы матчта керекті нәтижеге қол жеткізіп, Қарағандыда өтетін қарымта ойынға дайындалу. «Шахтердің» бір ұтымтал тұсы ол біздің чемпионаттың нағыз қызған кезі, ал Арменияда қазір маусымаралық үзіліс. Бірақ таулы жерде ойнайтынымыз футболшыларымызға біраз қиындық түсіреді... Осы жерге ұшып келгелі жігіттер әлі өздерін жайсыз сезінген жоқ. Жаттығудан кейін бәрі белгілі болады, таулы жер қалай әсер ететіні... Біз қазір нағыз қызып, дайындықты жоғары деңгейде өткіздік. Бірақ кейбір ойыншылардың жарақат алуы біраз қиындық келтіруде... Жаңа футболшыларға келер болсақ, Ян Масло міндетті түрде алаңға шығады, өйткені Василевич жарақат салдарына байланысты ойынға қатыспайды. Ал ойын тактикасы туралы ештеңе айта алмаймын, өзім әлі анықтамадым... Бұл жер маған ұнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;