Вардан Бичахчян: «Кем дегенде екі іріктеу кезеңінен өтпек ойдамыз»
![Вардан Бичахчян: «Кем дегенде екі іріктеу кезеңінен өтпек ойдамыз»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1404293638_356642175.jpg?v=28696405)
Армениялық «Ширак» клубының бас бапкері Вардан Бичахчян қарағандылық Еуропа лигасы аясындағы «Шахтерге» қарсы кездесу туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.
«Мықты командаларға қарсы кездесулерде тәжірибеміз бар. Қарағандылық «Шахтерді» дәл осындай қарсылас деп білемін. Қазақстан чемпионатының дәл қазір болып жатқаны – олардың басымдығы. Ал біз жаңа маусымға дайындалып жатырмыз. Алайда, барлық жақсы-жаманға қарамастан, «Ширак» алға қойған мақсатын орындамақшы. Біз аз дегенде екі іріктеу кезеңінен өтпек ойдамыз», - деді Бичахчян.