Огай алты айға жазаланды
1 шілдеде болған Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері Дмитрий Огайды дисквалификациялау бойынша шешім шығарды.
ТБК-нің ресми хабарлауында былай делінген: «Матчтың ресми тұлғасына физикалық қысым жасағаны үшін «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Огай Дмитрий алты айға жазаланды, оның бірінші айы – факттік дисквалификация, қалған бесеуі шартты жаза ретінде тағайындалды. Техникалық аймақтан шығып кеткені үшін Огай Д.-ге 200000 теңге айыппұл салынды.
КФЛ ресми сайтының материалы бойынша