русский язык

Сырдариялық хоккейшілер суперлигаға жолдама алды

Сырдариялық хоккейшілер суперлигаға жолдама алды

Мәскеудің Электросталь қаласында көгалдағы хоккейден  (жоғарғы лига) Ресей елінің ашық чемпионатының төртінші айналымы  өтті. Аталмыш жарысқа «Динамо-Казан», «Динамо-Электросталь», «Динамо-Самара», «Динамо-Екатеринбург», «Тана-Ростов-на-Дону» және Қызылорда облысының Сырдария ауданынан  6 команда қатысты.

Соңғы айналымның қорытындысы бойынша Сырдария ауданының командасы  32 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық ойындарда Сырдариялық спортшылар «Динамо-Казан» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен ұтып, келесі жылы басталатын суперлига ойындарына жолдама алды.

28 ұпай жинаған  «Динамо-Казан» екінші орынды еншілесе, «Динамо-Электросталь» мен «Динамо-Самара» командалары 25 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

«Сырдария» спорт клубы командасын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек Қобландин дайындады.

Жерлестеріміз алдағы 8-шілде күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында ерлер және әйелдер арасында болатын Қазақстан Республикасының чемпионатына және тамыз айында Қазақстан кубогына қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;